Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында

көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды

белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің       94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                       23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 227 «Ақтөбе облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындары белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4975 тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны мерзімді электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі                                                                    О.Оразалин

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтөбе облысы бойынша

экология департаменті» республикалық

мемлекеттік мекемесі

_____________________ Н.Аққұл

«____» ______________ 2021 жыл

 

 

                                                                                                                      

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтөбе облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті»  

республикалық мемлекеттік мекемесі

______________________ Н.Беркімбаева

«____» ______________ 2021 жыл     

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий

бассейндік инспекциясы» республикалық

мемлекеттік мекемесі

______________________ Ғ.Азидуллин

«____» ______________ 2021 жыл                                   

Қаулы
Дата публикации
08 июля 2021