«Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» жобасына АНЫҚТАМА

            Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі – Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленуде. Бұл нормативтік құқықтық акті https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy/documents/1?lang=kk сайтында орналастырылды, 2021 жылғы 17 сәуірдегі № 42 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.

            Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының 2021 жылғы 4 сәуірдегі № 0771/РПП04 ескертусіз қорытындысы берілді.

            Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы 19 сәуірдегі №01-2-22   қорытындысы алынды.

            Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылдың 15 сәуірінде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2021 жылдың 29 сәуірінде аяқталды. Есептемені қарау 39 бірлік, 1 пікір келіп түскен. Пікірге өз мерізімінде жауап берілген.

Тікелей қарау: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy/documents/1?lang=kk.     

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy/documents/1?lang=ru 

«Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» жобасына АНЫҚТАМА
Дата публикации
06 мая 2021