Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырына
бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2021 жылғы «___» __________
№____қаулысына
1-қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
|
№ р/н |
Магистральдық газ құбыры трассасын кесіп өтетін өзен
|
Су қорғау аймақтары |
Су қорғау белдеулері |
|||||||||
|
Ені, м |
Жағалау сызығының қисықтығын қоса ұзындығы, м |
Су объектісінің ауданы, га |
Ені, м |
Жағалау сызығының қисықтығын қоса ұзындығы, м |
Су объектісінің ауданы, га |
|||||||
|
сол |
оң |
сол |
оң |
|||||||||
|
1 |
Есекжал |
500 |
1290 |
1370 |
133,0 |
50 |
1340 |
1350 |
13,4 |
|||
|
2 |
Балаталдық (1 ағыс) Балаталдық (2 ағыс) |
500 500 |
1370 1680 |
1450 1750 |
141,0 171,5 |
50 |
1350 1740 |
1400 1750 |
13,8 17,4 |
|||
|
3 |
Қандықара (Сартайбұлақ бұлағының сағасы) |
500 |
1230 |
1220 |
122,5 |
50 |
1230 |
1220 |
12,2 |
|||
|
4 |
Борлы, Қандықара және Ұлытау өзендеріне құяды |
500 |
1800 1540 |
1500 675 |
165,0 110,8 |
50 |
1500 1415 |
1360 1090 |
14,3 12,5 |
|||
|
4 |
||||||||||||
|
5 |
Төлепсай |
500 |
1500 |
1500 |
150,0 |
50 |
1500 |
1500 |
15,0 |
|||
|
6 |
Жіңішке |
500 |
1130 |
2760 |
194,5 |
50 |
1250 |
1480 |
13,7 |
|||
|
7 |
Қайыңды |
500 |
1100 |
1020 |
106,0 |
50 |
1060 |
1020 |
10,4 |
|||
|
8 |
Қарасай |
500 |
920 |
840 |
88,0 |
50 |
870 |
880 |
8,8 |
|||
|
9 |
Көксу (Ортақарасай), |
500 |
1180 |
1100 |
114,0 |
50 |
1160 |
1170 |
11,6 |
|||
|
10 |
Сырлыбай (Шет Ырғыз бастауы) |
500 |
700
|
620
|
66,0
|
50 |
650
|
670
|
6,6
|
|||
|
11 |
Шуылдық (Шет Ырғыз бастауы) |
500 |
645 |
650 |
64,8 |
50 |
635 |
660 |
6,5 |
|||
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.
5
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2021 жылғы «___» __________
№____қаулысына
2-қосымша
Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.