
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерді, бірегей эталондық аймақтарды және тұтастай табиғи экожүйелерді сақтаудың тиімді шарасы ретінде әлемдік қауымдастық ретінде танылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар табиғи мекендеу орындарын сақтау арқылы биоалуантүрлілікті сақтау мен қалпына келтірудің негізгі мәселелерін шешеді.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 7 жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызмет етеді:
-2010 жылы 19 ақпанда Қарғалы ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы - 83 770га «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды (5 штат бірлік).
-2012 жылы 12 желтоқсанда Мұғалжар ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы - 33 395га «Орқаш» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.
-2013 жылы 23 қаңтарда Мұғалжар ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы – 43 977га «Көкжиде-Құмжарған» мемлекеттік табиғи кешені қаумалы құрылды.
-2017 жылы 6 желтоқсанда Мәртөк ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы – 133 796га «Мәртөк» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.
-2017 жылы 6 желтоқсанда Қобда ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы – 34 655га «Қобда» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.
-2019 жылы 18 шілдеде Әйтеке би ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы – 154 083га «Озерный» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.
-2020 жылы 10 наурызда Ойыл ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы – 63 468га «Ойыл» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында «Қарғалы» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін «Қарғалы» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру бойынша жаратылыстану-ғылыми негіздеме әзірленді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Ақтөбе қаласы шегіндегі «Қарғалы» ЕҚТА құру үшін жаратылыстану-ғылыми негіздемесі әзірленді. 2022 жылы Ақтөбе қаласы шегіндегі «Қарғалы» ЕҚТА құру үшін техникалық-экономикалық негіздеме жасалып, әрі қарай қаумалды құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты
2007 жылдың 14 ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №109 Қаулысымен «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі құрылды.Қазірде Республикада мемлекеттік табиғи резерват үшеу болса, солардың ішіндегі көлемі жағынан ең үлкені осы Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты. Яғни, оның көлемі 1 173 511 га. Оның ішінде қорық режимі- 637 091 га, аралық аймақ-536 420 га.
мұнда жыл құстарының ұя салуына, мекендеуіне, ұшып өтуіне барынша қолайлы. Рамсар тізіміне енген бірегей сулы- батпақты мекен болса, екіншіден, киіктердің Бетпақдала таралымының өсіп-өнуіне, мекендеуіне өте қолайлы орын. Сол үшін де 2008 жылы «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» Бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне енген.
Қазақстан мен Еуропаны жалғап, Орта Азияны қоныстап жүрген қанаттылардың құтты мекендерінің бірі, «Ырғыз-Торғай» өлкесі. Бұл өлкеде құстар үшін маңызды тіршілік кезеңін өткізеді. Сондықтан да, Ырғыз даласындағы сулы-батпақты алқап, тек қана Қазақстан да ғана емес Орта Азия да «маңызды орнитологиялық территориялар» қатарында тұр. Даламыздағы сусап жатқан шөл өлкенің ортасында өзіндік микроклиматы бар аймақ, жүздеген құстардың мекендеу ортасы болатын сулы-батпақты алқап қоршап тұр. Көптеген құстардың мекендеу ортасы болатын сулы-батпақты алқаптың тағдыры жыл сайынғы көктемгі тасқын суға тікелей байланысты. Осы сулы-батпақты өлкеміз маңызды орнитологиялық территориялар қатарында және ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің №273-ө бұйрығына сәйкес халықаралық маңызы бар көлдер тізіміне Кызыл көл, Айыр көл, Шолақ көл, Қармақ көл, Майкөл, Қулыкөл, Айдаркөл, Айкөл тіркелген.