
Балық шаруашылығы
Облыс аумағында 96 балық шаруашылығы су айдындары бар, оның 65 су айдыны табиғат пайдаланушыларға бекітілді.
Ақтөбе облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес төмендегі балық өсіру көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарлануда:
2030 жылы барлығы 10 350,6 тонна көлемінде тауарлы балық өндіру жоспарлануда.
Бағдарлама бойынша "Мұрагер-22" ЖШС инвестициясы – 2 940,0 млн. теңге, қуаты жылына 15 млн.дана африкалық жайын және карп шабақтарын өсіретін балық тәлімбағын салу қарастырылған.
Сонымен қатар, тәулігіне қуаты 5 тонна дайын азық өнімін шығаратын балық өңдеу цехы құрылысы жоспарлануда. Инвестиция соммасы – 3,5 млрд теңгені құрайды.
Аңшылық шаруашылығы
Қазіргі таңда облыс аумағында 53 аңшылық шаруашылығы бар, оның ішінде 28 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітілген.
Соның ішінде, Ақтөбе облыстық аңшылар және балықшылар ұйымы ҚБ – 12 аңшылық алқаптары (Қандағаш, Зеленый Дол, Қарабұтақ, Сабанкөл, Ақтөбе, Құмсай, Тасөткел, Кемер, Айрық, Талдысай, Жұрын, Алға), «Мерген ЛТД» ЖШС – 1 аңшылық алқабы (Мәртөк), «Aqtobe hunting» ЖШС – 1 аңшылық алқабы (Комсомол), «ТНК Казхром» АҚ Дөң КБК филиалы – 1 аңшылық алқабы (Хромтау), «Қопа» аңшылар және балықшылар ұйымы – 1 аңшылық алқабы (Қопа), ЖК «Ақмерей» - 1 аңшылық алқабы (Гусевское), «Бұйра» ЖШС – 1 аңшылық алқабы (Жекенді), «Ай Ауылым» ЖШС – 2 аңшылық алқаптары (Шошқакөл, Доңызтау), «Ақ Тұлпар» Ақтөбе облыстық аңшылар және балықшылар ұйымы – 5 аңшылық алқаптары (Родниковское, Қосарал, Қалыбай, Тасқопа, Тымабұлақ), «Жарық» Ш/Қ – 3 аңшылық алқаптары (Аққұм, Басқұдық, Мамыт) бекітілді.
Қалған 25 аңшылық алқаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес gosreestr.kz веб-порталында электрондық негізде конкурсқа шығарылып, табиғат пайдаланушыларға бекітілетін болады.