
Ақтөбе облысы 30062,9 мың гектар аумақты алып жатыр, оның 22 322,9 мың гектары Жайық-Каспий бассейнінің аумағына жатады, қалған бөлігі Тобыл-Торғай бассейніне тиесілі.
Облыс аумағында 500 жуық көл бар және ұзындығы 20-дан 593 км-ге дейін 175 өзен ағады, оның ішінде ірілері: 593 км Ырғыз өзені, 500 км Жем өзені, 257 км Елек өзені, 225 км Қобда өзені, 200 км Ор және 192 км Торғай өзені.
Облыс аумағында жауын-шашынның аз мөлшеріне және жер үсті суларының жоғары булану деңгейіне байланысты облыс жеткіліксіз ылғалдану аудандарына жатады. Осыған байланысты облыс өзендерінің суы аз. Өзендер мен уақытша су ағындардың су көлемі тек қана қысқы жауын-шашын есебінен қалыптасады.
Облыс аумағында 174 ГТҚ бар, оның 12-сі республикалық меншікте, 140 коммуналдық меншікте, 22-сі жеке меншікте.
Коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың (әрі қарай – ГТҚ) мақсаты мал және бау бақша суару, бұл бөгеттер 4 қауіптілік класына жатады, елді мекендерді сумен басу қаупі жоқ және ГТҚ техникалық төлқұжаттары мен жер актілерімен қамтамасыз етілген.
Жыл сайын құзырлы мамандармен көктемгі су тасқыны кезеңіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында облыстың коммуналдық меншіктегі ГТҚ жағдайына талдау жүргізілуде.