GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
Жастар саясаты
01 октября 2026
«АРДАГЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерді ардақтайық» акциясы аясында игі іс ұйымдастырылды.

Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары қарт ананың ауласын тазалап, жинау жұмыстарын жүргізді.

Қариясын қадірлеген елдің қазынасы мол. Үлкенге құрмет көрсету, әрбіріміздің азаматтық парызымыз.

Жастар саясаты
01 октября 2026
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – САНАЛЫ ТАҢДАУДАН БАСТАЛАДЫ

Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің жастарымен салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге денсаулық сақтау саласының мамандары қатысып, жастармен өзекті тақырыптар аясында ақпарат бөлісті.

🔹 Тимур Тайбекович – ШЖҚ «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталық» МКК педагогі.

🔹 Бағдәулет Батыржанұлы – Ақтөбе қаласы Жастар медицина орталығының уролог дәрігері.

🔹 Бекболат Нұраханұлы – ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МҚК жедел жәрдем фельдшері.

🔹 Орынбек Бақытұлы – ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МҚК жедел жәрдем фельдшері.

Кездесуге Облыстық жастар ресурстық орталығының жастар бастамаларын жүзеге асыру және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Үмітжан Мақсатқызы модераторлық етті. Кездесу барысында ол Жастар ресурстық орталығының қызметі туралы ақпарат беріп, жастарға арналған мүмкіндіктер, қолдау бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан бастамалар жөнінде айтып өтті.

Жастар саясаты
29 сентября 2026
Жоғары Көпсалалы Болашақ колледжінде жастар арасында интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған маңызды кездесу өтті.

👥 Кездесу спикерлері:
▪️ Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Шагиров Жәнібек Асылбекұлы
▪️ Жоба амбассадоры Қайсарова Жанель Ақеділқызы

💻 Шара барысында:
▪️ интернет алаяқтық түрлері
▪️ әлеуметтік желідегі қауіптер
▪️ жеке деректерді қорғау
▪️ цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

⚠️ Студенттерге нақты мысалдар келтіріліп, алаяқтардан сақтану жолдары түсіндірілді. Күмәнді сілтемелерге өтпеу және жеке ақпаратты қорғау маңызды екені атап өтілді.

🎯 Мақсаты — интернет алаяқтықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру.
Шара Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Жастар саясаты
29 сентября 2026
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде жастар арасында буллингтің алдын алу бойынша кездесу өтті.

Кездесу барысында буллингтің психологиялық әсері, оның алдын алу жолдары және жастар арасындағы өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру тақырыптары талқыланды.

🎤 Спикерлер:
▪️ Жоба амбассадоры — Тағанов Еркебұлат Серікұлы
▪️ Назерке Нұрланқызы— Ақтөбе облысы білім басқармасының “Jan Ahual” психологиялық қолдау орталығының әдіскер-психологы.

Спикерлер жастармен ашық пікір алмасып, буллингке қарсы тұрудың маңыздылығы мен психологиялық қолдаудың рөлі туралы айтты.

🤝 Жоба Ақтөбе облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда.

Жастар саясаты
28 сентября 2026
25 қыркүйек күні студент жастар арасында үстел теннисінен командалық турнир өтті.

Іс-шара Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «ХХІ ғасыр дарындары» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Жастар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Турнирге Ақтөбе қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған командалар қатысты. Әр команда құрамында екі ұл және бір қыз өнер көрсетіп, командалық біріншілікте өзара бақ сынады.

🏆 Жарыс барысында қатысушылар спорттық шеберлігін, ептілігі мен жылдам әрекет ету қабілетін көрсетіп, жүлделі орындар үшін бәсекеге түсті. Турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға, командалық рух пен әділ бәсекелестік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталды.

🥇 Турнир қорытындысында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталса, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып, жүлдегер командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жастар саясаты
28 сентября 2026
25 қыркүйек күні Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шара Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «ХХІ ғасыр дарындары» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Жастар мен жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

🎖️ Кездесуде Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасы ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы, майор Магауин Бижан Жумабаевич, Ауған соғысының ардагері Шармаганбетов Оразгали Баянгалиевич және жоба үйлестірушісі, жастармен жұмыс жөніндегі маман Таганов Еркебулат Серикович сөз сөйледі.

Кездесу барысында студенттерге әскери қызметтің ерекшеліктері, Отан алдындағы азаматтық борыштың маңызы және ел қорғанысын қамтамасыз етудегі әскери қызметшілердің рөлі туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар жастардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, әскери қызметке қызығушылығын арттыру және Отан қорғауға деген саналы көзқарасын дамыту мәселелері талқыланды.

25 сентября 2026
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды
Жастар саясаты
25 сентября 2026
ЖОО жатақханасында жастармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттер жатақханасында жастармен профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Санжар Жайлыбай, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Әлішер Садық, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Полиция өкілдері жастарға құқық бұзушылық жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік түрлерін түсіндіріп, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетіне, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, жатақханада тұратын жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізілді.

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясындағы мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз жастар ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жалғасын табады.

Жастар саясаты
24 сентября 2026
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!
Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінде Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға кеңес» жобасы аясында жастармен рухани-танымдық кездесу өтті.

Кездесудің құрметті қонақтары:
«Ғалым бол» ағартушылық жобасының авторы – Жасұлан Қазгелдіұлы;

Қазақстандық ақын, белгілі хит әндердің мәтін авторы – Оразбек Қиынбаев.

Іс-шарада Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Дәулет Алмасұлы модераторлық етті.

Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, салт-дәстүрді дәріптеу, рухани даму мен отансүйгіштік тақырыптары кеңінен қозғалды. Қонақтар жастарға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, білімге ұмтылудың және ұлттық болмысты сақтаудың маңыздылығын жеткізді.

Еркін форматта өткен кездесуде жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қонақтармен ашық пікір алмасты.
Жастар саясаты
24 сентября 2026
ОЙЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАР

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Санжар Жайлыбай және Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Әлішер Садық Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапарының бағдарламасы аясында:
🔹Ойыл ауданының әкімімен кездесу өткізіліп, аудандағы жастар саясатының жүзеге асырылу барысы талқыланды;
🔹«Жастармен бірге – жаңа мүмкіндіктерге» тақырыбында ауданның белсенді жастарымен кездесу ұйымдастырылып, жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды;
🔹 Ойыл аграрлық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттермен кездесу өткізілді.

Сапар барысында аудан жастарының бастамаларын қолдау, олардың әлеуетін арттыру және жастар саясатын тиімді жүзеге асыру бағытында пікір алмасылды.
Сонымен қатар аудандық жастар ресурстық орталығының жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, алдағы міндеттер мен бірлескен жұмыс бағыттары талқыланды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы