Меню

Страницы

Статья

Жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша

Сұрақ. Жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша

        Жауап. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына - білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауылшаруашылық, мемлекеттік қызмет саласындағы мамандығы бар жастар қатыса алады.

        Ол үшін, Сізге жеке куәлігіңіз бен дипломыңызды алып, жұмыс жасаймын деген аудан әкімдігінің экономика бөліміне жолығуыңыз қажет.

        Айта кететін жайт, бағдарлама аясында жас маманға 100 АЕК көтерме жәрдемақы төлеу түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

        Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау шараларының қатарында тұрғын үй алуға 1500 АЕК аспайтын сомада 15 жыл мерзімге 0,01 пайыздық мөлшер бойыншабюджеттік несие қарастырылған.     

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес, түлектердің оқу бітірген соң 3 жыл ішінде өзінің алған мамандығы бойынша, ұзақтығы алты айдан аспайтын «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысып, жұмыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталықтарына жолығу түсіндіріледі.

Дата публикации
02 июля 2021
Дата обновления
02 июля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мониторинг
15 апреля 2026
Онлайн бюджеттік мониторинг
Талдамалық мақала
27 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі
27 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІМІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы