Сұрақ.Жастарға (студенттерге) білім гранттарын, стипендия бөлу мәселесі.
Жауап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы Қаулысына сай, 2020-2021 оқу жылына жергілікті бюджеттен жастарға 80 гранты (әр түрлі мамандықтарға ) бөлінген.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты жоғарғы оқу орын конкурстық комиссиясы гранттарын беру тәртібіне сәйкес, оқу үлгерімі жоғары және облыстың қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысатын талантты және дарынды студенттер, соның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер үшін Ақтөбе облысы әкімінің атаулы стипендиясы тағайындалады.
Үміткер студент - білім беру гранттарына және әкімінің атаулы стипендиясын беру тәртібі талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, грантқа немесе стипендияға үміткер бола алмайды.
Дегенмен, Сізге «білім беру несиесі» бойынша студенттерге қаржылай көмек беретін «Қаржы орталығы» (Call-орталық 8-800-080-28-28) акционерлік қоғамына хабарласуға болатындығыңыз ақпарат ретінде хабарланады.