Меню

Страницы

Статья

Tilshi.kz сайты мен «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының «Волонтер қызметі» бірлескен жобасы басталды

Tilshi.kz сайты мен «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының «Волонтер қызметі» бірлескен жобасы басталды. Үш айлық жобаның мақсаты – волонтерлар мен БАҚ өкілдері арасында дұрыс байланыс орнату.

Жоба аясында Ақтөбе және Атырауда волонтерлар мен медиа саласы қызметкерлеріне семинар-кездесулер өткізу көзделген. Шара барысында екі тараптың бір-бірімен тиімді қарым-қатынас орнатуы, волонтерлық жұмыстың баспасөз беттерінде дұрыс жариялануы, құқықтық тұрғыдағы нюанстар, екі тарап үшін де пайдалы кеңестер, тағы басқа тақырыптар қарастырылады.

Сонымен бірге, Tilshi.kz сайтында «Волонтер» айдары ашылып, қоғам үшін қызмет етіп жүрген еріктілер туралы, жалпы волонтерлықты насихаттауға бағытталған имидждік материалдар, лайфхактар, волонтерлық саласындағы заңнамалар, алыс та жақын шет мемлекеттердегі еріктілер өмірі мен жұмысы туралы жарияланады.

Жоба аясында БАҚ өкілдері мен волонтерларға арналған нұсқаулық әзірленеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, «Волонтер қызметі» жобасы Internews Қазақстан қолдауымен жүзеге асырылады.

Дереккөз: tilshi.kz

Дата публикации
08 июня 2020
Дата обновления
08 июня 2020
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Мониторинг
15 апреля 2026
Онлайн бюджеттік мониторинг
27 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
Талдамалық мақала
27 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы