Меню

Страницы

Статья

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Биылғы бірінші тоқсандағы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы 78,9 мың жұмыссыз адам тіркелген. Бұл елдегі жұмыссыздар санының 17,8 пайызын құрайды, деп хабарлайды finprom.kz

Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 5,8 пайыз қысқарды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайызға дейін азайды (бір жыл бұрын – 3,9%). 

Сонымен қатар, 15-28 жас аралығындағы жастардың басым бөлігі Алматыда (15,7 мың адам), Алматы облысында (7,7 мың адам) және Түркістан облысында (6,4 мың адам) жұмыс іздеуде. Өз кезегінде 15-28 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған жастардың саны 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (2,1 млн адам) салыстырғанда 3,2% қысқарды. Әсіресе, Жамбыл (−22,4%), Шығыс Қазақстан (−13,9%) және Ақтөбе (−11,3%) облыстарында азайған.

Жалпы жұмыспен қамтылған жастардың ең көп саны Алматы облысында – 247,7 мың адам. Сонымен қатар, алғашқы үштікке Алматы (245,8 мың адам) және Түркістан облысы (175,5 мың адам) енді.

Жұмыспен қамтылған жастардың көп бөлігі сауда (365,9 мың адам немесе жалпы санның 18,1%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (241,9 мың адам немесе 12%) және білім беру (232,7 мың адам немесе 11,5%) сияқты салаларда белсенді жұмыс істейді.

 

Дата публикации
10 июля 2020
Дата обновления
10 июля 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мониторинг
15 апреля 2026
Онлайн бюджеттік мониторинг
27 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
Талдамалық мақала
27 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы