Меню

Страницы

Статья

«Birgemiz: Sabaqtastyq»: Облыс бойынша 10 жоба жеңімпаз атанды

Басты бет » Жастар » «Birgemiz: Sabaqtastyq»: Облыс бойынша 10 жоба жеңімпаз атанды

«Birgemiz: Sabaqtastyq»: Облыс бойынша 10 жоба жеңімпаз атанды

 

Жаңа жобалар

Волонтерлер жылы аясында олардың бастамаларын қолдау мақсатында республика аумағында бірнеше жоба қолға алынды. Жалпыұлттық жобалар аясында жастар өз жұмыстарын ұсынып, қайтарымсыз негізде 300 мың теңге көлемінде грант ала алады. 

Жуырда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен, «Kazbrands» қоғамдық қорының жүзеге асыруымен қолға алынған «Birgemiz: Sabaqtastyq» жобасының жеңімпаздары анықталды. Республика бойынша өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін 300 мың теңге көлеміндегі шағын грантқа 68 жас ие болды. Олардың 10-ы — ақтөбелік.

Жоба жеңімпаздары алдағы уақытта халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өмірлік қиын жағдайда қалған балалар мен жастарға тәлімгерлік жасайтын болады. Олар өз жұмыстарын келісімшартқа қол қойылғаннан бастап бес ай көлемінде жүзеге асырады.

— Байқау қорытындысы бойынша 10 жоба жеңімпаз атанғанымен, облыс көлемінде бұл бағытта қосымша 1 үйлестіруші, 3 тәлімгер, 60-қа жуық волонтер жұмыстанатын болады. Негізгі жұмыстанатын мекемелер — өмірдегі қиын жағдайдағы балаларды қолдайтын «Аяла» орталығы, жастарды әлеуметтік бейімдеуге арналған «Мейірім» орталығы және мүгедек балаларға арналған «Жайна» оңалту орталығы. Қазіргі уақытта тәлімгерлерді онлайн форматта оқыту, өзара танысу мақсатында онлайн кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Елдегі жағдайға байланысты бүгінгі таңда барлығы онлайн форматқа ауыстырылып, әлеуметтік желілер мен zoom, teams программалары арқылы жұмыстанып жатырмыз. Сонымен қатар арнайы осы жоба қатысушыларына ютуб канал ашылып, барлық жұмыстар сол жерде балаларға қолжетімді болатындай етіп орналастырылады, —  дейді облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы, жоба тәлімгері Нұрбақыт Алтынбекқызы.

Компьютерлік сауаттылық, денсаулық сақтау саласы, балалардың ой-өрісін дамытуды көздейтін әртүрлі жобалардың түпкі мақсаты бір: өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қамқор болып, қолдау көрсету.

— Волонтерлер жылы аясында «Birgemiz: Asyl mura», «Birgemiz: Bilim», «Birgemiz: Saýlyq», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Birgemiz: Taza Álem», «Birgemiz: Úmit» секілді ауқымды жалпыұлттық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Әр жобаның өз алдына мақсаты мен міндеттері бар. Байқаулардың өту кезеңі әртүрлі уақытта. Ол туралы қосымша хабарланып отырады, — дейді Нұрбақыт Алтынбекқызы.

Оның айтуынша, жастар жобаға қатысу үшін міндетті түрде volonter.kz сайтына волонтер ретінде тіркелуі қажет. Бұл — ең басты шарттардың бірі.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Дата публикации
09 июля 2020
Дата обновления
09 июля 2020
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Мониторинг
15 апреля 2026
Онлайн бюджеттік мониторинг
Талдамалық мақала
27 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі
27 августа 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІМІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы