
Өңірімізде жалпы 165 маманды құрайтын, 14 «Жастар ресурстық орталықтары» (1 - облыстық, 1-қалалық, 12 - аудандық) жұмыс жасайды.
2026 жылдың басынан бастап (1 тоқсан) бүгінгі күнге дейін жастар ресурстық орталықтары арқылы 1146 жасқа оның ішінде
· Кыз балалар - 739 адам;
· Ер балалар - 407 адам.
Көмек түрлері бойынша:
ЖРО жастарға ұсынған жеке консультациялар саны-301
* Психологиялык кемек - 70 адам;
· Дәрігерлік-әлеуметтік кемек - 64 адам;
· Заңгерлік кемек - 711 адам
«Білім және ғылым», «мәдениет және өнер», «бизнес және кәсіп», «медиа», «ақпараттық технологиялар» және «волонтерлік» салаларындағы жастар бастамаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасы жүзеге асырылады. Жоба арқылы 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде 10 қайтарымсыз грант беріледі (2025 жылға 30 млн.тг. қарастырылды).
Ақтөбе облысының жастары мен жас отбасыларын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы 42 жас, 2024 жылы 67 жас баспаналы болды.
Жалпы 2023-2024 жылдары «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау бағытында оң нәтижесін көрсетті.
Осыған байланысты, 2025 «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы III кезеңін жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда, қаржылық – экономикалық негіздемеге ведомстводан тыс сараптама жүргізу сатысында.
Жазғы мезгілде «Жасыл ел» жобасы арқылы уақытша жұмысқа тұруға болады. Жалақысы 160-180 мың теңге көлемінде. Ақтөбе қаласы Әйтеке би көшесі 39 ғимаратында «Жасыл ел» штабы орналасқан.