Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор  – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бөлігі.

 Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:

      бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

      құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);

      тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);

      асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

      ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

      тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.

Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында 2  253 643 бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген, оның 625 002 бас МІҚ, 1 235 361 бас ҰММ, 365 633 бас жылқы, 25 055 бас түйе, 2 592 бас шошқа.

 

 

 

Дата публикации
30 сентября 2020
Дата обновления
20 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 октября 2026
30.09.2026 ж. арналған бюджеттің атқарылуы
07 сентября 2026
31.07.2026 ж. арналған бюджеттің атқарылуы
07 сентября 2026
31.08.2026 ж. арналған бюджеттің атқарылуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы