Мемлекеттік қызметтің имиджі – бұл мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі, жауапкершілігі, әдептілігі және халыққа көрсететін қызметінің сапасы арқылы қалыптасатын қоғамдық пікір. Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбіне мемлекеттік қызметшілердің жұмысына, азаматтармен қарым-қатынасына және қызмет көрсету мәдениетіне байланысты.
Мемлекеттік қызметші өз қызметінде заңдылық, әділдік, ашықтық және адалдық қағидаттарын басшылыққа алуы тиіс. Азаматтардың өтініштерін уақытылы қарау, халыққа сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Бүгінде мемлекеттік органдар халықпен тиімді кері байланыс орнатуға ерекше назар аударуда. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары ақпараттық жүйелер арқылы қабылданып, уақтылы қаралуда. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттырып, қоғам сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік әдеп нормаларын сақтау да аса маңызды. Әдептілік, сыпайылық, кәсіби біліктілік және жауапкершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты қасиеттері болуы тиіс. Осы талаптарды сақтау арқылы мемлекеттік қызметшілер халыққа үлгі болып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға өз үлесін қосады.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің ортақ міндеті. Халыққа адал қызмет ету, заң талаптарын сақтау және кәсіби деңгейін үнемі арттыру арқылы мемлекеттік қызметтің қоғамдағы беделі нығая түседі.