Меню

Страницы

Статья

Ветеринариялық қауіпсіздік 2025 жыл

Халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттердің бірі болып саналады.

Облыс бойынша қала және аудандық ауылдық округтерде 56 типтік жобада салынған мал қорымы және 122 сібір жарасы көміндісі тіркелген. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығының 11-параграфы, мал қорымына (биотермиялық шұңқырларға) қойылатын талаптарына сәйкес мал қорымдары мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған жүйесіне енгізілген. Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген мал қорымдарына адамдар мен жануарлар кіре алмайтындай етіп бүкіл периметрі бойынша биіктігі кем дегенде 1,5 метр болатын қоршаумен қоршалған, "Сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайшалармен (аурудың пайда болған күні) белгіленген.

2024 жылы 10 типтік үлгідегі мал қорымын салуға (Әйтеке би ауданы-Әйке, Құмқұдық, Қарғалы ауданы – Қос-Естек, Хромтау ауданы – Бөгетсай, Ырғыз ауданы – Құрылыс, Алға ауданы – Ақай, Есет батыр, Маржанбұлақ, Самбай, Тамды ауылдық округтеріне) облыстық бюджеттен құрылыс жұмыстарына 141,879 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
09 февраля 2023
Дата обновления
14 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 октября 2026
30.09.2026 ж. арналған бюджеттің атқарылуы
07 сентября 2026
31.07.2026 ж. арналған бюджеттің атқарылуы
07 сентября 2026
31.08.2026 ж. арналған бюджеттің атқарылуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы