Гражданский бюджет 2026-2028 гг

2026-2028 жылдарға арналған "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" ММ азаматтық бюджеті
             Облыстық мәслихаттың 10.12.2025 ж. №298  "2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешімі негізінде  "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" ММ келесі бағдарламалар бойынша азаматтық бюджеті бекітілді:
          млн. теңге
№  Бағдарлама Атауы 2026 жыл 2027 жыл 2028 жыл
    БАРЛЫҒЫ: 6 876,173 5 493,020 3 900,710
1 719001 Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер. Штат кестесі мен нормативтік-құқықтық актілер негізінде бағдарлама 28 бірлік мемлекеттік қызметші мен 5 бірлік Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеуді, 2 бірлік қызметтік көлік құралын ұстауды, кеңсе тауарларын және басқа да ағымдағы шығыстарды сатып алуды қаржыландыруды көздейді. 205,565 213,385 214,831
2 719008 Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету.  Шығыстар биотермиялық шұңқырлардың толып кетуін бақылауды, санитариялық тәртіпті сақтауды, дезбарьердің дұрыс жұмыс істеуін, рұқсатсыз кірудің алдын алуды, мүкәммалдың сақталуын қоса алғанда, мал қорымдарын күтіп-ұстау жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау үшін жоспарланады. 18,976 18,976 18,976
3 719009 Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру.  Осы бюджеттік бағдарлама бойынша ауру жануарларды ауылдық елді мекендерден санитарлық сою үшін өнеркәсіптік өңдеу кәсіпорындарына тасымалдауға арналған шығыстар көзделген. 26,143 26,143 26,143
4 719010 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру. Қаңғыбас және қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулауға. 92,250 92,250 92,250
5 719011 Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу. Анықталған ауру мал үшін иелеріне өтемақы төлеу көзделген. 90,000 120,000 136,196
6 719013 Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу.Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін. 227,787 227,787 227,787
7 719014 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу. Ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау және диагностикалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін. 2 987,029 2 987,029 2 987,029
8 719015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Мал қорымдары  мен ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттер үшін  модульдік ғимараттарды сатып алуға. 3 086,000 1 610,500 0,000
9 719028 Уақытша сақтау пунктына ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтер. Ветеринариялық препараттарды сақтау шарттарын бұзбай белгіленген мерзімде жеткізуді қамтамасыз ететін мамандандырылған көлік қызметтеріне ақы төлеуге. 4,100 4,100 4,100
10 719030 Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырып сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру. ІҚМ гиподерматозына және жылқы сақауына қарсы вакциналарды сатып алу , сондай-ақ оларды енгізу жұмыстарын ұйымдастыруға.   44,743 44,743
11 719031 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу)). А/ш жануарларға арналған есепке алу бұйымдарын (биркаларды) сатып алуға. 96,563 106,347 106,895
12 719032 Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға. 27,000 27,000 27,000
13 719033 Қараусыз және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру. Деректер базасына қаңғыбас иттер мен мысықтарды енгізе отырып, сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру. 11,360 11,360 11,360
14 719034 Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды зарарсыздандыруға. 3,400 3,400 3,400
Дата публикации
23 декабря 2025