Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

аналитикалық анықтама

Ақтөбе қаласы                                                               «1»  маусым  2025 жыл

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы                    18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңының 8 – бабының 5-тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдайды», сондай-ақ «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) басшысының  2025 жылғы                 22 сәуірдегі №04-06/81-Ө бұйрығына сәйкес.

Ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1)    Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің негізгі қағидаттары заңдылық, объективтілік, жан-жақтылық, транспаренттілік болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі мен  талданатын кезең, 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 1 маусымға дейін.

Өткен жылғы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, барлық ұсыныстар Ауыл шаруашылығы Министрлігіне жолданды. 

Сонымен қатар ағымдағы жылғы  ішкі талдау барысында төмендегідей сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау - бағыты бойынша.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  мемлекеттік қызмет заңнамаға сәйкес көрсетіледі.

Талдаумен анықталды:

Тәуекел №1.

  1. «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 1-бабының 45-1-тармағына сәйкес эпизоотологиялық тексеру актісі - эпизоотологиялық ошақтардың пайда болу себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат. Алайда, осы Заңның 18-бабының 1-1-тармақтарында эпизоотиялық тексеру актісі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актісі болып табылатыны көрсетілген.

1-ұсыныс. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 45-1-тармағына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс мынадай редакцияда жазылсын: «эпизоотологиялық тексеру актісі-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор беретін құжат».

Тәуекел №2.

АШЖБ ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығару рәсімі регламенттелмеген. Ауызша хабарлама бойынша АШЖБ ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығару ауыл шаруашылығы жануарларының иесі мен ветеринариялық мамандар, жылжымалы мүлік мұрагерлері, басқа да мүдделі тұлғалар арасында мүдделер қақтығысының туындауына ықпал етеді, шағымдар мен сот ісін жүргізуге әкеп соғады.

1-ұсыныс. АШЖБ дерекқорында ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығару рәсімінің шарттарын айқындау жөнінде бейінді министрлікке ұсыныс енгізу

Тәуекел №3.

Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жеке және заңды тұлғаларға құнын өтеу кезінде сомаларды төлеу тәртібі «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет ретінде жүзеге асырылсын.

1-ұсыныс.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметке жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жеке және заңды тұлғаларға құнын өтеу кезінде сомаларды төлеу жөніндегі қызметті беру туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс енгізілсін.

Тәуекел №4.

«Электрондық үкімет» порталы мен ЕАСУ және АШЖБ ақпараттық жүйелері арасында интеграцияның болмауы. Нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде тікелей байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш береді.

1-ұсыныс.

ҚР АШМ-ге және «АИТ» АҚ-на «Электрондық үкімет» порталы мен ЕАСУ және АШЖБ ақпараттық жүйелері арасындағы интеграцияны қамтамасыз ету туралы ұсыныс енгізу.

Тәуекел №5.

ҚР АШМ 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығының негізінде 5-тарауы 14-тармақшасында ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы орган құжаттарды жинауды 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Осы бұйрықта жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту көзделмеген.

1-ұсыныс.

Внесение предложения в МСХ о внесении поправок в проект приказа в части мотивированного отказа при приеме документов.

Штаттық кестеге сәйкес осы мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметшілердің саны 01.06.2025 жылғы жағдайы бойынша  мемлекеттік қызметшілердің саны 30 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 бірлік — басшылық (басшы - 1 және басшының орынбасары – 2), 3 бірлік - құрылымдық бөлімшелердің басшылары, 21 бірлік - бас мамандар.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сәтіндегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің нақты штат саны - 30 бірлікті құрады.

01.06.2025 жылғы жағдайы бойынша басқарманың құрамы                      3 бөлімнен тұрады:

1)Ветеринариялық есеп және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімі (бөлімнің штат саны 7 бірлікті құрайды);

2) Ветеринариялық шараларды ұйыдастыру бөлімі (бөлімнің штаттық саны 14 бірлікті құрайды);

3) Қаржы және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді үйлестіру бөлімі (бөлімнің штат саны 6 бірлікті құрайды).

Басқарма тарапынан жүргізілген оңтайландыру жұмыстары бойынша:

- 2025 жылдың 6 айында (қаңтар-маусым) – Басқарма тарапынан ішінара  оңтайландыру жұмыстары жүргізілген жоқ.

Басқарма қызметкерлерінің ауысуы, жұмыстан босатылуы:

Басқарма тарапынан ағымдағы жылы 6 айында ветеринариялық шараларды ұйыдастыру бөлімінің Шалқар ауданы бойынша бас маманы Қалабай Серікұлы Аманжол және ветеринариялық есеп және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімінің Байғанин ауданы бойынша жетекші маманы Гульшат Тулеуовна Туребаева Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы «Ақтөбе облысы әкімдігінің құрылымын және Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының штат саңының лимиттерін бекіту туралы» № 8 қаулысы, 2025 жылдың 20 наурызы «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ штаттық саны мен құрылымының өзгеруін бекіту туралы № 8 бұйрығына сәйкес №07-2/30 бұйрықпен жұмыстан босатылды.

Басқармаға жалпы конкурс негізінде жаңадан келген мемлекеттік қызметкерлер :

Ағымдағы жылы 3 наурызында №07-2/72 бұйрығымен Нағыметов Нұржан Құрышбекұлы қаржы және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді үйлестіру бөліміндегі бос тұрған штат бірлікке ақпан айында жалпы конкурс өткізіліп, жұмысқа қабылданды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылдау тәртібі ішкі және жалпы конкурсттар арқылы жүргізіледі. Басқармаға қатысты  конкурстарды Ақтөбе облысы әкімі аппаратының біріккен персоналды басқару қызметі өткізеді. 

Лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды (оның ішінде коммерциялық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру және т.б.) бұзушылықтар анықталған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

2025 жылдың 1 қаңтардан бастап 1 маусымға дейін Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (Е-өтініш) МО-ға келіп түскен өтініштерді тіркеу және қарау бойынша күнделікті есептілік нысанына сәйкес Басқармаға 131 өтініш түсті.  

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 1-тармағы негізінде қаралған барлық өтініштерде арыз берушілерге шешімге әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды

тұлғаға қабылданған шешімдермен келіспеген жағдайда, шағым жасау құқығы хабарланды.  

 Мүдделер қақтығысын реттеу

2025 жылдың 1 мамырдан бастап 1 маусымға дейін басқармада жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталған жоқ.   

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттар жасайтын қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды жою тұрғысынан Басқарма қызметі бойынша заңнамаға талдау жүргізу қажет.

Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік функцияларды орындау кезінде ықтимал мүдделер қақтығысын болдырмау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың барлық түрлерін көрсетуге төзбеушілік таныту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау қажеттілігі көрсетілді.

  1. Жоғарыда баяндалғанның негізінде комиссия сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар қабылдау тиіс.

Комиссия төрағасы:                                                                Б. Бекжанов

 

Комиссия мүшелері:                                                           К. Жакупова

                                                                                                   У. Уркинбаев

                                                                                                   Ш. Рахимов

Комиссия хатшысы:                                                           Н. Нағыметов

Дата публикации
17 июля 2025