«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша АНЫҚТАМА

«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ                

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізу бойынша

АНЫҚТАМА

 

Ақтөбе қаласы                                                               04 маусым 2024 жыл

 

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын жүзеге асыру мақсатында «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ 2024 жылғы 30 сәуірдегі  №04-2/112-Ө бұйрығына сәйкес 30 сәуір - 30 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. 

Ветеринария басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобы мемлекеттік қызмет көрсетуіне байланысты және қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша 5 сыбайлас жемқорлық тәуекел анықтады:

  1. «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 1-бабының 45-1-тармағына сәйкес эпизоотологиялық тексеру актісі - эпизоотологиялық ошақтардың пайда болу себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат. Алайда, осы Заңның 18-бабының 1-1-тармақтарында эпизоотиялық тексеру актісі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актісі болып табылатыны көрсетілген.
  2. АШЖБ ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығару рәсімі регламенттелмеген. Ауызша хабарлама бойынша АШЖБ ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығару ауыл шаруашылығы жануарларының иесі мен ветеринариялық мамандар, жылжымалы мүлік мұрагерлері, басқа да мүдделі тұлғалар арасында мүдделер қақтығысының туындауына ықпал етеді, шағымдар мен сот ісін жүргізуге әкеп соғады.
  3. Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жеке және заңды тұлғаларға құнын өтеу кезінде сомаларды төлеу тәртібі «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет ретінде жүзеге асырылсын.
  4. «Электрондық үкімет» порталы мен ЕАСУ және АШЖБ ақпараттық жүйелері арасында интеграцияның болмауы. Нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде тікелей байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш береді.
  5. ҚР АШМ 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығының негізінде 5-тарауы 14-тармақшасында ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы орган құжаттарды жинауды 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Осы бұйрықта жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту көзделмеген.

Осыған орай мемлекеттік қызмет көрсету кезеңінде ақпараттық талдау жүйелерінің сәйкес келмеуі салдарынан және қолданыстағы құқықтық актілерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындап отыр.

 

Ұсыныстар:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын ережелермен ақпараттық талдау жүйелерін және қолданыстағы құқықтық актілерді сәйкестендіру үшін, орталық мемлекеттік органдарға ұсыныс жолдау.

 

 

Жұмыс тобы:

Басқарма басшысының

орынбасары, тобының төрағасы                                                        Д. Боранқұл                                          

 

Басқарма басшысының

орынбасары, тобының мүшесі                                                      Б.Бекжанов

 

Қаржы және мемлекеттік қызметтерді

көрсетуді үйлестіру бөлімінің басшысы,

жұмыс тобының мүшесі                                                                 У.Уркинбаев

 

Ветеринариялық есеп және

ауыл шаруашылығы

жануарларын бірдейлендіру                                                        Ш.Рахимов

бөлімнің басшысы,

жұмыс тобының мүшесі

 

Ветеринариялық шараларды

ұйымдастыру бөлімінің басшысы,                                             К.Жакупова

жұмыс тобының мүшесі

 

Қаржы және мемлекеттік қызметтерді

көрсетуді үйлестіру бөлімінің бас маманы,

жұмыс тобының хатшысы                                                    Н.Абдрахманова

 

 

Дата публикации
04 июня 2024