2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.».