Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

  1. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5237 тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларында:

4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы №ҚР ДСМ-2 «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26447 тіркелген бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бақтарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану, сауда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпшілік демалыс орындарынан, балаларды сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның салаларынан қашықтықта орналасқан нысандар мен өндірістің қауіптілік сыныбына байланысты арнайы жабдықталған (жабық) орындарда асырау керек.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
01 июля 2022