Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 «Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 қазандағы № 02-01-4/1686 ұсынысы негізінде, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының аумағы мынадай аймақтарға бөлінсін:
1) қолайсыз аймақ - Ащысай ауылдық округі Сабындыкөл ауылының аумағын қамтитын эпизоотиялық ошақтан 3 километр радиустағы аймақ;
2) буферлік аймақ - Құмсай ауылдық округі Құмсай ауылының, Ащысай ауылдық округінің Ащысай, Амангелді, Ақсу, Қаракөл ауылдарының аумағын қамтитын қолайсыз аймақ шекарасынан 25 километр радиустағы аймақ;
3) бақылау аймағы - Егіндібұлақ ауылдық округі Бұлақты, Былқылдақ ауылдарының аумағын қамтитын буферлік аймақтың шекарасынан 55 километр радиустағы аймақ;
4) қолайлы аймаққа - Мұғалжар ауданының қолайсыз, буферлік аймақтардан және бақылау аймағының шегінен тыс жатқан аумақтар қолайлы аймаққа жатқызылсын.
-
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулы ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
-
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралыДата публикации
06 апреля 2022