«logo Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2021 жылғы 3 тоқсандағы қызметі туралы есеп

Ақтөбе облысының ветеринария саласында облыс бойынша 3 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет басқарманың бөлімімен,  2 қалалық және аудандық ветеринариялық ұйымдарымен көрсетіледі.

        «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ бойынша 1 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, олар:

  1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналасуға лицензия беру».

       2021 жылдың үшінші тоқсанында қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, электронды түрде – 152 652, соның ішінде 140 024 жеке тұлғаға, 12 628 заңды тұлғаға.

       2021 жылдың  үшінші  тоқсанында ветеринариялық паспорт 132 150 жеке тұлғаға, 11 320 заңды тұлғаға берілді

        2021 жылдың үшінші тоқсанында ветеринариялық анықтама 7 874 жеке тұлғаға, 1 308 заңды тұлғаға берілді

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

        2021 жылдың бірінші жарты жылдығында басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілігін арттыру курсынан 1 маман өтті.

Дата публикации
30 ноября 2021