Ветеринариялық мәселелер бойынша отырыстың хаттамасы

 

Ветеринариялық мәселелер бойынша отырыстың

 

Хаттамасы

 

Ақтөбе қаласы                              №6                                    10.03.2021 ж.

 

 

Өткізілген орны: Ақтөбе қ, Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы

Төрағалық етуші: Ақтөбе облысы ветеринария басқарма басшысы-К.Канадбаев

Қатысқандар: Ақтөбе  облысы ветеринария басқармасындағы ауданның бас маман өкілдері, аудандық және қалалық ветстанса директорлары.

 

                                         Күн тәртібі:

  1. Қаңтар, ақпан айларының диагностикасы бойынша жоспардың қорытындысы және наурыз айының жоспары.
  2. Байганин, Хромтау аудандары бойынша қаңтар, ақпан айларының жоспарға сай жасалған жұмыстары туралы мәліметті беру.
  3. Типтік мал қорымдары мен «Сібір жарасы көмінділерін ветеринариялық санитариялық талаптарға сәйкес күтіп ұстау туралы.
  4. Ауыл шаруашылық жануарларын уақытылы толықтай бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу және ИСЖ дерекқорына енгізу.
  5. Бруцеллез ауруына оң нәтиже берген жануарларды сою үшін мал сою пунктерімен меморандумға отыру.

      

                                                      ТАПСЫРМА

 

    Ақтөбе  облысы ветеринария басқармасындағы ауданның бас маман өкілдеріне:

  1. Жоспарға сай егу және қан сынамасын алуға қатаң қадағалау.
  2. Әр апта сайын жасалған жұмыстың мәліметін беру.
  3. Селолық округтеріндегі ветеринариялық пункт мамандарына, іш-шараларын жүргізудегі құжаттардың (акт, описи) дұрыс ңұсқауға сәйкес толтыруды бақылау.
  4. Өкіл мамандар ауылдық әкімдіктің есебінде тұрған типтік мал көмінділерін және «сібір жарасы» көмінділерінің құжаттарын заңдастырып «Қала, аудан ветеринариялық станция есебіне алу қажет.

              Аудандық және қала ветстанса директорларына:

  1. Қаңтар, ақпан айларында жасалмаған жұмыстың қорытындысын, наурыз айында қоса атқарып шүғыл жұмыс жүргізілсін.
  2. Наурыз айында қан алу жұмыстары жоспарға сай толығымен орындалу.
  3. Жоспар бойынша ауыл шаруашылық жануарларының төлдерін бірдейлендіріп, диагностика және профилактикалық іс-шараларды ИСЖ базасына уақытылы енгізу. 
  4. 2020 жылға ірі қара малына бөлінген құлақ жапсырма қатан бақылауға алынсын және сырғаларды ауыстыру «замена» арқылы ИСЖ базасына енгізсін.
  5. Аудандық(қалалық) директор ветстансалармен мал сою пунктермен меморандумға отырып 19 наурызға дейін басқармаға ұсынылсын.Күн тәртібінде Байганин, Хромтау өкілдерінің мәліметтерін орындамаған айларындағы себептері тыңдалды.

 

         Облыстық ветеринария басқарма басшысы К.Канадбаев:  екі айлық мониторинг қорытындысы бойынша, Темір ауданы Б.Барсаев, Алға ауданы С.Тезекбаев, Қобда ауданы Т.Кульметенов, Байғанин ауданы Г.Садуова, Хромтау ауданы П.Алиев   директорларына ескертілсін.

         Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностика бойынша  2021 жылға бекітілген жоспарларының уақытылы орындалуына басқарманың аудандық, қалалық өкілдері   тікелей міндетті.

 

 

 

Төраға:                                                                                       К.Канадбаев

Ветеринариялық мәселелер бойынша отырыстың Хаттамасы
Дата публикации
11 марта 2021