Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жануарларды алып тастамай залалсыздандыру (дезинфекциялау) және қайта өңдеу шығындарының иелеріне өтеу

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі

 

Жануарлар иелеріне құнын өтеу және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының орташа айлық нарықтық құны бойынша алып қойылған ауру жануарлардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) орташа айлық нарықтық құны есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, ветеринариялық қағидаларды бекіту туралы                              ҚР АШМ 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығының 6 –тарау,                     1245 бабына сәйкес бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал мен шошқаның, түйенің, жылқының еті ұшасы мен ағзаларында патологоанатомиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарыла береді. Ұша мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер анықталған жағдайда, шұжық және консерві өнімдеріне шығарылады.                                                                                

Бруцеллезге оң әсер берген қой мен ешкіні санитариялық союдан алынған ет Қағидаларды сақтай отырып, пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді.

Ветеринария саласындағы нормативтк құқықтық актілерді бекіту туралы ҚР АШМ 2014 жылғы 30 қазанындағы №7-1/559 бұйрығы 5-тарауға сәйкес  жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу  кезінде                      

құнын өтеуге мынадай құжаттар негіз болып табылады:

      1) саламатты шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бруцеллезді қоспағанда, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның (аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің) шешімі;

      2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі (сынақ хаттамасы);

      3) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды зарарсыздандыру (залалсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;

      4) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және қайта өңдеу бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуге тапсыру туралы акт;

      5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акт;

      6) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық паспорт;

      7) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес берілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған үзінді.

Тиісті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген мақсаттарға қосымша қаражат бөлінген кезде жүзеге асырылады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы