
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында Облыс бойынша 2025 жылы 100,9 млн теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде аулау жұмысына 57,4 млн теңге, күтіп бағуға 34,6 млн теңге, бірдейлендіруге 2,5 млн теңге, стерилизациялау жұмыстарына 6,4 млн теңге. 2025 жылы жоспарға сәйкес 13500 бас қаңғыбас ит және 500 бас мысық аулау қарастырылған.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағының 4 тармақшасына сәйкес жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жануарларды жансыздандыруға болады. Заңның осы бабы және ЭГТРМ бекітілген жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл алгоритмі басшылыққа алынып, адам өміріне қауіп төндірген жағдайда 102, 109 (ситуационный центр) телефон номерлері арқылы және тұрғындардан түскен арыз-шағым бойынша ветеринарлық станса мамандарымен аулау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 2025 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Заңның 15-бабы,1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес облыс бойынша тұрғындардан түскен арыз бойынша 10619 бас қаңғыбас ит және 260 бас мысық ауланды. Оның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша 8625 бас ит және 260 бас мысық ауланды. Уақытша кұтіп ұстау пунктіне 324 бас қаңғыбас жануар жеткізілді. Қазіргі таңда (214 бас ит және 43 бас мысық) стерильденіп, екпе салынып және «Танба» ақпараттық жүйесіне енгізіліп бұрынғы мекендеу ортасына шығарылды. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында жұмыс жалғасуда.
Ақтөбе қалалық ветеринариялық стансасы жеке тұлғаға тиесілі «Ника Актобе» панажайында жұмыс атқаруда. Аудандық ветеринариялық стансаларының, жанынан орналастырылған торларда (Вольер), уақытша күтіп ұстау пункттерінде жұмыстар жүргізілуде.
Жол картасына сәйкес тұрғындар, мектеп оқушылары арасында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңды, үй жануарларын сәйкестендіру, зарарсыздандыру қағидаларын, маңыздылығын түсіндіру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде және де газет беттеріне, әлеуметтік желілерге мақалалар жариялануда.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес «Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесіне сәйкес Облыс бойынша иесі бар 7362 бас ит және 1599 бас мысық сәйкестендірліп «Танба» ақпараттық жүйесіне енгізілді жұмыс жалғасуда.