
Халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттердің бірі болып саналады.
Облыс бойынша қала және аудандық ауылдық округтерде 56 типтік жобада салынған мал қорымы және 122 сібір жарасы көміндісі тіркелген. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығының 11-параграфы, мал қорымына (биотермиялық шұңқырларға) қойылатын талаптарына сәйкес мал қорымдары мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған жүйесіне енгізілген. Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген мал қорымдарына адамдар мен жануарлар кіре алмайтындай етіп бүкіл периметрі бойынша биіктігі кем дегенде 1,5 метр болатын қоршаумен қоршалған, "Сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайшалармен (аурудың пайда болған күні) белгіленген.
2024 жылы 10 типтік үлгідегі мал қорымын салуға (Әйтеке би ауданы-Әйке, Құмқұдық, Қарғалы ауданы – Қос-Естек, Хромтау ауданы – Бөгетсай, Ырғыз ауданы – Құрылыс, Алға ауданы – Ақай, Есет батыр, Маржанбұлақ, Самбай, Тамды ауылдық округтеріне) облыстық бюджеттен құрылыс жұмыстарына 141,879 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.