|
№ |
Іс-шара атауы |
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
|
1 |
«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 1-бабының 45-1-тармағына сәйкес эпизоотологиялық тексеру актісі - эпизоотологиялық ошақтардың пайда болу себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат. Алайда, осы Заңның 18-бабының 1-1-тармақтарында эпизоотиялық тексеру актісі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актісі болып табылатыны көрсетілген. |
«Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаржы және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді үйлестіру бөлімі |
2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін |
|
2 |
АШЖБ ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығару рәсімі регламенттелмеген. Ауызша хабарлама бойынша АШЖБ ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығару ауыл шаруашылығы жануарларының иесі мен ветеринариялық мамандар, жылжымалы мүлік мұрагерлері, басқа да мүдделі тұлғалар арасында мүдделер қақтығысының туындауына ықпал етеді, шағымдар мен сот ісін жүргізуге әкеп соғады. |
«Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаржы және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді үйлестіру бөлімі |
2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін |
|
3 |
Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жеке және заңды тұлғаларға құнын өтеу кезінде сомаларды төлеу тәртібі «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет ретінде жүзеге асырылсын. |
«Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаржы және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді үйлестіру бөлімі |
2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін |
|
4 |
«Электрондық үкімет» порталы мен ЕАСУ және АШЖБ ақпараттық жүйелері арасында интеграцияның болмауы. Нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде тікелей байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш береді. |
«Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаржы және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді үйлестіру бөлімі |
2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін |
|
5 |
ҚР АШМ 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығының негізінде 5-тарауы 14-тармақшасында ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы орган құжаттарды жинауды 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Осы бұйрықта жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту көзделмеген. |
«Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаржы және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді үйлестіру бөлімі |
2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін |