⚜️Ойыл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 4 ақпанындағы шешіміне сәйкес, Ойыл ауылдық округінің әкімі болып Сағынғалиев Рүстем Темірұлы сайланды.

⚜️Ойыл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 4 ақпанындағы шешіміне сәйкес, Ойыл ауылдық округінің әкімі болып Сағынғалиев Рүстем Темірұлы сайланды.

Сағынғалиев Рүстем Темірұлы 1985 жылы Ойыл ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келген, білімі жоғары.
🔹️2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің колледжін, 2006 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетін дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша бітірген.
🔹️Еңбек жолын 2006 жылдан бастап Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2007 жылдан осы уақытқа дейін Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі және мектеп директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Отбасылы, 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.