
«Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес бүгін 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Ұлттық спорт дегенде - ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Қазақ халқының ұлттық спорты - халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы. Бүгін де ұлттық спорт елімізде тұрақты түрде ұлықталуда.
Бүгін, А.Қойшығұлов, Көкжар, А.Иманов, Қ.Ержанов көшелерінде орналасқан Ойыл қазақ орта мектебі, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Ойыл аудандық телекоммуникация торабы, аудандық "Қазпочта" АҚ бөлімшесі қызметкерлері мен көше тұрғындарының бірлесе ұйымдастыруымен Ойыл қазақ орта мектебінің алаңында «Төрлет, төл мереке әз Наурыз» атты көше Наурыз мейрамы өтті. Шараға аудан әкімі А,Қазыбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Көше Наурыз мейрамына жайылған ақ дастархан, ыстық көже мен бауырсақтан келген халық ауыз тиіп жатты. Көше өнерпаздары әсем әндерін шырқап, би билеп, театрландырылған көріністерін қойды. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, жеңіске жеткен жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттады. Шара соңында көше үлкендері өз баталарын беріп, жастарға ақ тілектерін арнады.