Кезекті аппарат мәжілісі өтті

Кезекті аппарат мәжілісі өтті

Аудан әкімінің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Жиында облыс әкімі А.Шахаровтың төрағалығымен 2024 жылғы 19 ақпанда өткен облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде қаралған көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері талқыланып, ауылдық округтер әкімдері мен тиісті мекеме басшыларының қатысуымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссиясының отырысын өткізіп, дайындық жұмыстарын белсендіруді тапсырды.
Аппараттық мәжілісте қаралған аз қамтылған отбасыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесі бойынша аз қамтылған отбасы мүшелерін жұмысқа, кәсіпкерлікке тартып , мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына ықпал етіп, аз қамтылған отбасылар санын азайтуды және ауылдық округтердегі учаскелік комиссия мүшелерінің табысын есептеуде жауапкершіліктерін жоғарылату қажеттілігін ескертті.
Мәжіліс барысында осы аптада ауылдық округтерде басталатын тұрғындармен жалпы көктемгі кездесу жиналысына көктемгі су тасқынына дайындық, тұрғындардың малдарын ұйымдастырып, бағылуына сапалы дайындықпен қатысуы және ауыл тұрғындарын елді мекендерді санитарлық тазалау және когалдандыру жұмыстарына жұмылдыру мәселелері жөнінде тапсырмалар берді.