ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Ойыл ауданының әкімі А.Қазыбаевтың 2024 жылғы 7 ақпандағы № 109 өкімімен Даулетқалиев Сәндібек Тоқсанбайұлы Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

С.Даулетқалиев 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Ойыл аудандық білім бөлімінде есепші болып бастаған.
Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, Ойыл аудандық мәслихат аппаратының бас маман бухгалтері, «Нұр Отан» ХДП Ойыл аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі-бас есепші, Ойыл ауылдық округінің әкімі лауазымдарында жұмыс істеген.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр