ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Ойыл ауданының әкімі А.Қазыбаевтың 2024 жылғы 7 ақпандағы № 108 өкімімен Тұрғамбеков Нұржау Орынбасарұлы Ойыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Н.Тургамбеков 1976 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1998 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2016 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Ойы совхозында жұмысшы болып бастаған.
№ 2 Ойыл кәсіптік техникалық лицейінде, Екпетал негізгі мектебінде, Ойыл қазақ орта мектебінде мұғалім болып жасаған. Ойыл ауданы әкімінің аппаратында бас маман, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы, Алға ауданы әкімінің аппарат басшысы, әкімнің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының бас маманы, бас инспекторы, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысы мемлекеттік лауазымдарында жұмыс істеген.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.