
✅ Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Корея Республикасының ҚР Консулдығының атташесі, Корея сауда және инвестицияны ынталандыру агенттігінің бас директоры Ким Джунг-хунмен кездесу өткізді.
Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін талқылады.
Өз кезегінде Ким Джунг-хун екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге деген қызығушылығын тағы да растады.
🔹 Кездесуге жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының басшылары, Ақтөбе облысы корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Шек қатысты.
Өңірге сапары барысында атташе Ким Джунг-хун «Даму» қоры, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және бизнесмендердің облыстық басшылығымен дөңгелек үстелге қатысып, «Ақтөбе ӘКК» индустриялық аймағын аралайды.
Айтып өтейік, өткен аптада ақтөбелік делегация Оңтүстік Кореяға іссапармен барып қайтты. Сапар аясында олар бірнеше өндіріс орнын аралап, өндірістік-техникалық мүмкіндіктерін көрді. Сонымен қоса, ІТ, көлік және т.б салалардағы жаңа технологиялармен танысты.