
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 9 тармақшасына, 45 бабына, 113-11 бабының 1 тармағына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 мамырдағы шешімімен Ойыл ауылдық округіндегі сайлаушылардың дауыс беру қорытындысымен Аманғосов Артур Сәрсенбайұлы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округінің әкімі лауазымына 4 жыл мерзімге сайланды.
Амангосов Артур Сарсенбаевич - 1975 жылы 19 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1998 жылы Ақтөбе заң колледжін және 2009 жылы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992-1993 жылдары аралығында Ойыл совхозында жұмысшы қызметінен бастап, 1995-2011 жылдары аралығында Ақтөбе облысы Ішкі істер Департаментінің қызметкері, 2013-2017 жылдары «Күзет и К» ЖШС-де күзет бастығы, 2017-2021 жылдары Ойыл ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар мен жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың 1 қазанынан бастап Ойыл ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.
Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отыр.