Ералы Тоғжанов өңірдегі қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Ералы Тоғжанов өңірдегі қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға көмек көрсетуді жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен онкологиялық науқастарға көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша жиын өтті.

Қатерлі ісік – әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда өлім-жітім мен сырқаттанушылықтың негізгі себептерінің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай онконауқастар саны жылына 30 миллионға дейін артады.

💭 «ДДҰ мәліметтері бойынша, қауіп факторларын болдырмау, зиянды әдеттерден сақтану арқылы барлық онкологиялық ауруларды жартысына дейін алдын алуға болады. Атап айтқанда, қатерлі ісік ауруының қауіп факторларына ең алдымен темекі шегу, артық салмақ, физикалық белсенділіктің төмендігі, дұрыс тамақтанбау, алкогольді теріс пайдалану, тіршілік ету ортасының қолайсыз жағдайлары және т.б. жатады», - деп атап өтті өз баяндамасында М.Оспанов атындағы БҚМУ ректоры Әсет Қалиев.