Ақтөбе облысы әрбір ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын әзірледі

Бүгін Сенаттағы парламенттік тыңдау барысында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған негізгі жобалар туралы баяндады.
«Мемлекет басшысы өзінің бірінші Жарлығымен ауылдарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Ең алдымен ауылдың мәселелерін шешпей, қаланың мәселелері шешілмейді. Осыған байланысты Ақтөбе облысында өткен жылдың соңында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру басталды. Ол қазірдің өзінде ауыл тұрғындарының жоғары бағасына және қызығушылығына ие болды, өйткені ол нақты отбасыға бағытталған. Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет біз өңірдегі барлық 134 ауылдық округтерге скрининг жүргізіп, ауылдардың нақты экономикалық әлеуеті, азық-түлік өнімдерін өндіру-тұтыну теңгерімі анықталды. Скрининг негізінде аудандарды дамытудың кешенді жоспарлары әзірленді. Нәтижесінде, қолдау шараларының «бірыңғай пакетін» іске асыру арқылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының толыққанды жүйесі құрылады. Бұл Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының айырықша ерекшелігі», - деп атап өтті өңір басшысы.
«Ауыл аманаты» аясында жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауылдарды сапалы интернетпен қамту жөніндегі жобалары іске асырылып, «Bilim ALL» және «Фельдшер сөмкесі» бірегей жобалары аясында ауыл тұрғындарын сапалы біліммен және медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер береді.