Бүгін мекеме басшыларының қатысуымен кезекті аппарат мәжілісі өткізілді. Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. 2022 жылы 9 қаңтар күні бейнеселектор режимінде облыс әкімінің аппараттық мәжілісінде қаралған 2022 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және халықтың тым көп кредит алуын азайту жөніндегі шаралар туралы тапсырмаларын орындау;
2. Күн суытуына байланысты әлеуметтік нысандарға жылу беруді, үзіліссіз электр қуатын беруді және төтенше жағдайлардың алдын-алу туралы.
Сонымен қатар, аудандық кірістер басқармасының басшысы Б.Майлановтың «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының жүзеге асыру бойынша түсіндірме ақпараты тыңдалып, тиісті ұсыныстар берілді.