
Құрметті ақтөбеліктер!
Бүгін әлеуметтік желілерде Ойыл ауданының Көптоғай ауылын жауған жаңбыр мен еріген қар суы басып қалды деген ақпарат жарияланды.
Осы жағдайға байланысты келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта ауылда жағдай тұрақты, тұрғын үйлерді су басу қаупі мен фактілері жоқ.
Соңғы екі күнде ауылдық округ аумағында қар, жаңбыр жауды. Нәтижесінде еріген қар мен жаңбыр суы өз арнасымен ағып жатыр. Су басу қаупін болдырмау мақсатында волонтерлер мен арнайы техника жұмылдырылды. Қазір судың деңгейі төмендеді. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев жұмысшылармен бірге.
Аталған мәселе - облыс басшылығының бақылауында.