Республика күніне мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды

Республика күніне мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін “Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы саябақта” Республика күніне орай мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды.Әр отбасында атап өтуге тұрарлық еліміз үшін маңызы зор мерекеде аудан тұрғындарының қалтасына ауырлық салмай, мерекелік дастарханға қойылатын азық-түліктермен ауылшаруашылық өнімдерін төмен бағада көпшілікке ұсынды. Жәрмеңкені тұрғындармен бірге аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы да аралап, тұрғындар мен кәсіпкерлерді егемен еліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.Жәрмеңкеде аудан тұрғындарына ет, сүт өнімдері мен тары- талқан, тұздалған көкөністер секілді өнімдердің түр-түрі болды. Сонымен қатар, Республика күніне орай аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоқжановтың "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен Ойыл ауданының Құрметті азаматы, Займолда Ғазиз Займолдаұлын және медицина ғылымдарының докторы, профессор Жакиев Базылбек Сағидоллаұлын марапаттады. Аудан өнерпаздары әсем ән шырқап, жәрмеңкеге келген халыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.