Аудан әкімі Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аудан әкімі Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кеше аудан әкімі Асқар Қазыбаев Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Қайыңды округіне қарасты Көсембай ауылында басталған кездесу сапары, түстен кейін округ орталығында жалғасты.
Аудан әкімі және ауылдық округ әкімінің кездесуіне аудан әкімі аппаратының басшысы Ербол Тлепов, аудан прокуроры Нұрлыбек Жолаев пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Берекенов және бірқатар мекеме басшылары қатысты.
Сонымен бірге аудан әкімі ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралап, жай- күйімен танысты. Кездесуге қатысқан бірқатар ауыл тұрғындары жеке сауалдарын қойса, енді бірі ауылға қатысты қордаланып қалған түйткілді мәселелерді көтерді.