Ауыл әкімдерінің есеп беру жиыны Қарасу мен Амангелдіде жалғасты

Ауыл әкімдерінің есеп беру жиыны Қарасу мен Амангелдіде жалғасты

Бүгін округ әкімдерінің тұрғындарға есеп беру жиыны Көптоғай ауылдық округіне қарасты Қарасу, Амангелді ауылдарында жалғасты. Округтің бір бүйірінде жатқан қос ауылда Ерлан Асылбаев жыл бойы атқарылған жұмыстары мен алдағы атқарылуға тиіс міндеттерін баян етті. Ауыл әкімінің есеп беру жиынына аудандық мәслихат хатшысы Сәкен Займолдин мен аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев және бірқатар мекеме басшылары қатысты. Жиын кезінде ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жергілікті билік өкілдеріне жеткізді.