Көптоғай ауылдық округі әкімі Е.Б.Асылбаевтың халықпен есептік кездесуі.
Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері жыл сайын ҚР Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, жоғары оқу орындары ректроларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткізіледі. Ағымдағы жылы Көптоғай ауылдық округі әкімі Е.Б.Асылбаевтың алғашқы кездесуі 2022 жылғы 01 ақпанында сағат 10.00 – де Көптоғай ауылдық округі Шұбарши ауылы клубында өтеді. Келесі кездесуі 2022 жылғы 02 ақпанында сағат 10.00 – де Көптоғай ауылдық округі Қарасу ауылының клубында өтеді. Үшінші кездесуі 2022 жылғы 02 ақпанында сағат 15.00 – де Көптоғай ауылдық округі Амангелді ауылының клубында өтеді. Төртінші кездесуі 2022 жылғы 08 ақпанында сағат 15.00 – де Көптоғай ауылдық округі Көптоғай ауылының клубында өтеді. Қатысушылар арасында коронавирустық инфекция ауруларын алдын алу мақсатында, Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы қаулысына сәйкес, жиынға қатынасушылар саны 50 адамға дейін шектелген және тек қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бар адамдар жіберіледі. Әкімге сұрақтарды алдын ала apparat_koptogai, oiyl_akimat инстаграмм парақшасына немесе 87719965675 WatsApp нөміріне жолдауға болады.