Ойыл ауданына облыстық кәсіпкерлік басқармасы жанындағы жұмыс тобының мүшелері келді

Ойыл ауданына облыстық кәсіпкерлік басқармасы жанындағы жұмыс тобының мүшелері келді

Ойыл ауданына облыстық кәсіпкерлік басқармасы жанындағы жұмыс тобының мүшелері келіп, аудандағы кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында облыстағы қаржы институттарының мамандары мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге берілетін несие шарттары мен кепілді көмектер туралы жан-жақты түсінік берді. Жұмыс тобының мамандары сапары барысында «Еңбек «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағадарламасы» аясында несие алған жеке кәсіпкер С.Мырзағалиеваның «Жылыжай» және осы бағадарламаның арқасында халыққа қызмет етіп жатқан «Береке» кафесінің қызметімен танысып, аудандағы демеушілікпен салынған «Саз мектебінде» жастармен кездесіп, кеңес берді.