
Бүгін аудан әкімдігі ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Саян Сапарұлының төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа округ әкімдері, бөлім басшылары қатынасты.
🔸️Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өртке қарсы жәй- күйі туралы проблемалық мәселелер және аудан бойынша әлеуметтік осал топқа жатқызылатын отбасылардың тұрғын үйлерінің өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы.
🔹️Жыл ішінде ұсынылатын хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы 2026 жылға арналған комиссияның жұмысын қайта қарау туралы
🔸️Баяндаған: Ойыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Қобланов және Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Әндіров Нұрхан Асылханұлы баяндама жасады.
🔹️Мәжіліс қорытындысы бойынша аудандық сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне орындау тапсырылды.