Құрметті Ойыл ауылының тұрғындары!
2022 жылдың 26қыркүйек күні сағат 15.00-де Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылы Көкжар көшесі № 69 мекен-жайында орналасқан кеңсе ғимаратында Ойыл ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселе:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 ақпан 2014 жылғы № 138 «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын» және «Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып Ойыл ауылының атаусыз көшесіне Рәбиға Сыздық есімін беру туралы қоғамдық тыңдалым өтеді.
«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ