Қазіргі таңдаалаяқтықтыңкөп жасалуы, қоғамда кездесетін жағымсыз құбылыстардыңбіріне айналуда.
Қылмыстық Кодекстің 190-бабына сәйкес,Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену болып табылады.
Алаяқтық бірнеше әдістермен тәсілдерден жасалады.
Солардың ең көп тараған түрлерінің біріғаламтор желісін пайдалану арқылы жасалады. Бұл тәсілдер заттар мен тауарларды ғаламтор желісі арқылы сатумен немесе өздерінің шоттарына салынған қаражатты көбейтіп берумен байланысты.
Әлеуметтік желілер немесе басқа да ғаламтор ресурстары арқылы тауар сату туралы жалған хабарламалар таратып, есеп-шоттарына алдын-ала төлем жасатып, кейін сатып алған тауарларын жолдаймыз деген сылтаумен ақшаларын жымқырады.
Сол себепті ғаламтор желісі арқылы тауар сатып алған уақытта өте мұқият болу қажет, сонымен қатар, танымайтын бөгде адамдардың есеп-шотына ақша аудара отырып, Сіз алаяқтыққа кездесуіңіз әбден мүмкін.
Мұндай адамдарды анықтап, ұстау өте қиын екендігін, көпшілік жағдайларда мұндай қылмыстар ашылмай қалатынын ескертеміз.
Сондықтан танымайтын адамдармен байланыс жасамауды, ұялы телефондарыңызды себептен себепсіз басқа адамға қолдануға бермеу қажет.
Жалпы алаяқтықтың басқа да әдістері мен тәсілдерінің жолдары өте көп.
Құрметті тұрғындар!
Тұрмыстық, қызметтік, кәсіпкерлік және басқа да күнделікті азаматтық қатынастарда алаяқтықтың арбауына түспей, өте сақ және мұқият болыңыздар.
Ойыл аудандық прокуратурасы