Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі «Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

№

Жер учаскесінің орналасқан жері,жер учаскесінің лот №

 

 

 

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі

Жалға беру мерзімі,жыл

Жалпы ауданы, га

Алқаптардың құрамы оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет

Сумен қамтылуы

Егістік

Жайылымдық

Шабындық

Басқа жерлер

1

Лот 1, учаске №1, Қайыңды а/о

ш/қ жүргізу үшін

10-49 жыл

1000,0

-

998,5

-

1,5

11

қамтылмаған

2

Лот 2, учаске №1 Саралжын а/о           

ш/қ жүргізу үшін

10-49 жыл

100,0

-

99,6

-

0,4

11

қамтылған

3

Лот 3, учаске №1 Қараой а/о             

ш/қ жүргізу үшін

10-49 жыл

1000,0

-

998,2

-

1,8

11

қамтылған

 

ЕСКЕРТПЕ !!!

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық  ұсыныстың  беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң, 15 (он бес) жұмыс күн аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің  орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Толық ақпаратты «Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен, байланыс телефондары арқылы 8(71332) 2-18-80 алуға болады.

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы