ХАБАРЛАНДЫРУ.
Құрметті Саралжын, Ақкемер, Бестамақ, Шиқұдық ауылының тұрғындары!
2022 жылдың 28 сәуір күні сағат 15 00 –де Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылы Бейбітшілік көшесі №15 мекенжайында орналасқан Саралжын ауылдық клубының ғимаратында Саралжын ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселе:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 ақпандағы 2014 жылғы № 138 «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып Саралжын, Ақкемер, Бестамақ, Шиқұдық ауылдарының көше атауларына өзгеріс беру туралы қоғамдық тыңдалым өтеді.
« Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ