Кәсіпкерлер назарына!
Кәсіпкерлік субъектілері елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Сол себепті де бизнесті қорғау прокурорлық қадағалаудың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Президент Жолдауларында бизнесті дамыту, салықтық әкімшілендіруді оңайлату, кәсіпкерлер қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу мәселелері басты бағдар ретінде көрсетіледі.
Осы орайда, жедел әрекет ету үшін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында аудан прокуратурасының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлескен мобильді тобы және аудан прокуратурасының сенім телефондары 24/7 режимінде жұмыс жасайды.
Әр түрлі әкімшілік кедергілерді анықтау үшін мемлекеттік органның құқықтық актілері мен құқық қолдану практикасына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурорлық ден қою актілері енгізіліп, заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бастама жасалады.
Мысалы, ағымдағы жылы аудан прокуратурасы мемлекеттік органмен кәсіпкерлік субъектісін негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактісін анықтады. Аудан прокуратурасымен қабылданған шаралардың негізінде әкімшілік жазаға тарту туралы қаулының күші жойылып, кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Сонымен қатар, азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталарды бекіту кезінде де негізсіз кәсіпкерлік субъектілерін енгізу дерегі анықталып, қабылдаған шаралар нәтижесінде 8 кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары қорғалды.
Сондай-ақ, прокуратура органы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша арыз-шағымдарды қарайды.
Осыған орай, мемлекеттік органдардың тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен қызметіне кедергі жасау фактілері орын алған жағдайда, кәсіпкерлер құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Ойыл ауданының прокуратурасына тікелей арыздануға болады.
Құрметті Ойыл ауданының кәсіпкерлері!
Мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері бойынша аудан прокуратурасына және кәсіпкерлер Палатасына хабарласуыңызға болатынын жеткіземіз.
Аудан прокуратурасы: 21-6-78, 8778 579 8909
Кәсіпкерлер Палатасы: 79-0-02, 8 771 291 8932
Ойыл ауданының прокуратурасы